Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қаңтар 2026

25

Жаңалықтар

АТЫРАУ: БІРНЕШЕ ДӘМХАНА СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Traveler’s Coffee» және «Iris» дәмханаларына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Бұл сертификат кәсіпорындардың өнімдері мен қызмет көрсету процесінде халал стандарттарына сай екендігін растайды. Сертификаттау рәсімінде кәсіпорын басшыларына халал талаптарын сақтау мен қадағалаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сертификаттау барысында кәсіпорындар «QMDB Halal» стандарттары бойынша толық аудиттен өтті. Аудит барысында тағамдар мен сусындарды дайындау процестері, қолданылатын шикізат, қызмет көрсету тәртібі және гигиена талаптары мұқият тексерілді. Кәсіпорындардың барлық бөлімдері халал талаптарына сәйкес екендігі дәлелденіп, ұсыныстар беріліп, түзетулер енгізілді. 

Бөлісу: