Халал Даму

Халал стандарттау және сертификаттау мекемесі

Халал сертификатын алу
qmdb
star
verify Сертификатталған

Сіздің кәсіпорныңыз ХАЛАЛ сертификатын алды

star-brown 2500-ден астам

Адам біздің еңбегімізді жоғары бағалады

location
Мекемелерді іздеу

ХАЛАЛ сертификатын алған кәсіпорындарды іздеу

Барлық категориялар
about-halal-damu about-halal-damu

Халал Даму туралы

about Нарықта 12 жыл

2014 жылдан бері біз халал стандарттары бойынша кәсіпорындарды сертификаттаймыз. Біз үшін әрбір сертификат – сапа мен сенімнің кепілі.

about 2000-нан астам кәсіпорын

Біздің сертификаттарымызды 2000-нан астам кәсіпорын таңдап, өнімдері мен өндірісін халықаралық халал стандарты талаптарына толық сәйкестендірді.

about 100-ден аса кәсіби маман

100-ден астам тәжірибелі маманнан құралған біздің команда өндіріске халал стандарттарын енгізуді дәл және сапалы түрде жүзеге асырады. Біз сіздің бизнесіңіздің сенімділігі мен беделін қамтамасыз етеміз.

Біз туралы толығырақ

Соңғы жаңалықтар

ХАЛАЛ ДАМУ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ
20.01.2026
ХАЛАЛ ДАМУ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен 2026 жылға бектілген жоспарға сәйкес «Халал Даму» мамандарына арналған республикалық...

Толығырақ оқу
ХАЛАЛ САЛАСЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16.01.2026
ХАЛАЛ САЛАСЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Раманқұлов Мақсат Аралбайұлының төрағалығымен халал индустриясын дамыту, халал саласын...

Толығырақ оқу
ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
16.01.2026
ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Каусар», «Nanduk», «Pak sushi», «Nauat», «Al-Kausar», «Lanzhou», «Adal chicken», «ATA...

Толығырақ оқу
АЛҒАШ РЕТ «QMDB EXPO-2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
16.01.2026
АЛҒАШ РЕТ «QMDB EXPO-2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Алматы қаласында алғаш рет халықаралық деңгейде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлімдері мен мекемелерінің қызметтері мен өнімдерін таныстыратын «QMDB EXPO-2026» шарасы...

Толығырақ оқу
ТАЛДЫҚОРҒАН: «FARIS» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
14.01.2026
ТАЛДЫҚОРҒАН: «FARIS» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Жетісу облысы иман мешітінің жанындағы тамақтану саласында қызмет көрсететін «Faris» кәсіпорнының басшысы Мұстапаев Жігер Талғатұлына Жетісу облысының бас имамы Даутов...

Толығырақ оқу

«QMDB HALAL» сертификатын алу тәртібі

01 process

www.halaldamu.kz
сайты арқылы өтінім қалдырыңыз

02 process

Кәсіпорынның ресми құжаттарын
жинау және тапсыру

03 process

Аудит жүргізу және
зертханалық сынақтар өткізу

04 process

Сертификатты беру

Соңғы сертификатталған кәсіпорындар

Сертификат алу

Халал сертификатын алу бойынша кеңес алу үшін өтінім қалдырыңыз

Өтінім қалдыру
certificate

Қызықты

interesnoe Жаңалықтар

Стандарттау және сертификаттау мекемесі

Барлығын көру
interesnoe Қызықты мақалалар

Стандарттау және сертификаттау мекемесі

Барлығын көру
interesnoe Пайдалы видеолар

Стандарттау және сертификаттау мекемесі

Барлығын көру

Компаниялар біз туралы

starstarstarstarstar

"Халал сертификатын алу кәсіби түрде өтті, «Халал Даму» мамандары бізді әр кезеңде толық қолдады. Енді біздің клиенттер өнім сапасына толық сенеді."

«Natige» «Natige» Сүт фабрикасы
starstarstarstarstar

"Халал стандарттары бойынша сертификаттау біз үшін маңызды қадам болды. «Халал Даму» мамандары барлық сұрақтарға жауап беріп, әр кезеңде қолдау көрсетті. Сертификат халықаралық нарыққа жол ашты."

«Алель Агро» «Алель Агро» Құс фабрикасы
starstarstarstarstar

"Сертификаттау процесі түсінікті және жеңіл болды. Компанияның мамандары әр кезеңде бағыт-бағдар беріп, барлық талаптарға сәйкес болуымызға көмектесті. Енді өнімімізге деген сенім айтарлықтай артты."

«Тәп-тәтті» «Тәп-тәтті» Кондитерлік цех
starstarstarstarstar

"Халал сертификаты арқылы біз клиенттердің сенімін нығайттық. «Халал Даму» мамандары кәсіби, жауапкершілікті және әрдайым қолдау көрсететінін атап кеткім келеді. Бұл біз үшін маңызды серіктестік."

«Bahandi» «Bahandi» Фаст-фуд

F.A.Q

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Халал сертификаты деген не?

Халал сертификаты – кәсіпорынның өнімдері мен қызметтері «QMDB Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес келетінін растайтын ресми құжат. Бұл құжат өндіріс процесінің әр кезеңінде шариғатқа сай тазалық, адалдық және сапа талаптарының сақталғанын білдіреді.

Сертификат алу үшін қандай құжаттар қажет?

Сертификат алу үшін мына құжаттар қажет:
1. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры атына өтініш;
2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (ЖК, АҚ немесе ЖШС);
3. Кәсіпорын басышылығының жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі;
5. Ай сайынғы дезинсекция, дератицазия, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетіні туралы анықтама/келісім шарт;
6. Ветеринариялық-санитариялық тұжырымдамасының көшірмесі (ет кәсіпорындарына және қасапханаларға);
7. Сапа менеджменті сертификаттары, ҚР сертификаттары мен декларацияларының және ЕАС/КО техникалық регламенттеріне сәйкес сертификаттардың көшірмелері;
8. Кәсіпорын логотипі PDF, CorelDraw нұсқасында
9. Кәсіпорын өнімдері мен тағам қоспаларының толық тізімі (Word), дайын өнімдердің таңбалануының көшірмесі (PDF) (қаз. рус.)

Сертификаттау процесі қанша уақыт алады?

Сертификаттау мерзімі кәсіпорынның көлеміне, өндіріс ауқымына байланысты. Орта есеппен:
1. Құжаттарды жинақтау: 3–7 күн
2. Аудит жүргізу: 1–3 күн
3. Сараптамалық қорытынды: 5–10 күн
Жалпы процесс шамамен 10–20 жұмыс күні аралығында аяқталады.

Халал аудитін кім жүргізеді?

Аудитті «Халал Даму» орталығының арнайы дайындықтан өткен, сертификатталған сарапшы-аудиторлары жүргізеді. Барлық мамандар шариғат талаптары мен халықаралық халал стандарттары бойынша оқу-тәжірибеден өткен.

Халал сертификаты қанша мерзімге жарамды?

«QMDB Halal» сертификаты 1 жылға беріледі. Осы уақыт ішінде кәсіпорын жоспарлы және жоспардан тыс бақылау-қадағалау аудиттерінен өтеді.

Кәсіпорын халал талаптарына сай болмаса не болады?

Егер аудит барысында сәйкессіздіктер табылса, кәсіпорынға оларды жою үшін уақыт беріледі. Қайта тексеріс нәтижесінде талаптар толық орындалса – сертификат беріледі. Егер талаптар орындалмаса, сертификаттау тоқтатылады.

Халал өнімнің шын мәнінде сертификатталғанын қалай тексеруге болады?

Тұтынушы өнімнің халал екеніне көз жеткізу үшін:
1. Қаптамадағы «QMDB Halal» логотипін тексере алады;
2. «Халал Даму» ресми сайтындағы сертификаттар реестрінен өнімнің немесе компанияның атын енгізіп, тексеру жасай алады;
3. Күмән туындаса, фото/видео жіберіп, біздің WhatsApp немесе Call-орталыққа хабарласа алады.

Сұрақтарыңыз қалды ма?
Оларды чатта қойыңыз.

Telegram \ WhatsApp арқылы бізге жазыңыз.
Біздің маман бірнеше минут ішінде жауап береді.

faq
app
Қосымшаны жүктеп алыңыз Halal Guide KZ
біздің мобильді қосымша.

«Halal Guide KZ» — Қазақстандағы және әлемдегі мұсылмандарға арналған ыңғайлы мобильді қосымша. Ол халал кафе, мейрамханалар, мешіттерді көмектеседі. Сондай-ақ, намаз уақыты мен құбыла бағытын көрсетеді. Және де өнім құрамындағы тағамдық қоспалардың халал мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.

Сертификатталған кәсіпорындар картада
Телефон WhatsApp